Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу қашықтығында нивелирлеу дәлдігін тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз.
- Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30 м шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.
- Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
- Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік орналасқанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды ауытқу:
30 м × ±0,1 мм/м = ±3 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу әрекетінің әрқайсысында ең көбі 6 мм болуы керек.