Пайдалану нұсқаулары
- Байланыстырылған ажарлағыш құралдардың көмегімен сыдырып ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9) пайдаланыңыз.
- Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.
- Бастапқы ажарлау кезінде, ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (10) бірге дайындамаға соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін.
30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз. Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды.
- Кесу үшін де, ажарлау үшін де рұқсат етілген композиттік дискілер пайдаланылған кезде, ажарлауға арналған қаптаманы (9) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (10) бірге пайдалану керек.
- Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз (9).
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ), сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және төменірек ажарлау температурасына ие болады.
- Ажарлағыш қылшақтармен өңдеу кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз (9). Тостаған тәрізді қылшақтармен/конустық қылшақтармен өңдеу әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға болады.
- Тостаған тәрізді немесе конустық қылшақпен жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол қорғанысын (16) монтаждаңыз.
- Дискілі қылшақтардың максималды рұқсат етілген өлшемдерінен асырған жағдайда, дискілі қылшақтардың сымдары қорғаныш қаптамаға тиіп, сынуы мүмкін.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
M14 ирек оймасы бар тостаған тәрізді қылшақты/конустық қылшақты/дискілі қылшақты, ол шпиндель ирек оймасының шетіндегі ажарлау шпинделінің фланецімен тығыз жанасатындай, ажарлау шпинделіне бұрап бекіту қажет. Тостаған тәрізді қылшақты/конустық қылшақты/дискілі қылшақты айыр тәрізді кілтпен бекемдеңіз.
22,22 мм диаметрлі дискілі қылшақты бекіту үшін тығыздауыш сақинасы бар тірек фланецін (11) ажарлау шпинделіне (15) енгізіңіз, домалақ гайканы (20) бұрап бекітіңіз және оны екі саңылаулы кілтпен тартыңыз.
- Металды композиттік дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (10) бірге пайдаланыңыз.
- Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9) байланыстырылған кескіш дискілермен кесу жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды. Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
- Тасты композиттік дискілермен немесе тас/бетонға арналған алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (10) бірге пайдаланыңыз.
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
- Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
- Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады.
- Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) немесе кесуге арналған қаптамасы (10) монтаждалған ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) бетон немесе кірпіш қалау бойынша кесу және ажарлау жұмыстары үшін пайдаланылған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда болып, электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылу қаупі көтеріледі, бұл кері соққыны тудыруы мүмкін.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған жөн.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.