Ақаулықтарды жою

Ақаулық

Шешім

Сору турбинасы жұмыс істемей жатыр.

  • Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (35) тексеріңіз.

Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (6) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" режимінде тұр.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (6) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (4) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

  • Контейнерді (1) босатыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан соң да істемей жатыр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткен соң қайта қосыңыз.
  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) және датчиктердің (35) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Сору саптамасын, сору құбырын (29), сорғыш шлангіні (21) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Қоқыс қабын (23) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.
  • Сүзгі қаптамасын (34) дұрыс енгізіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (10) дұрыс орнатып, құлыптарын (11) жауып қойыңыз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып тұр

  • Жалпақ қатпарлы сүзінің (24) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғалды шаң сору) істемей жатыр.

  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) және датчиктердің (35) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемей тұр.

  • Сүзгіні тазалау функциясын іске қосыңыз (AFC түймесін (3) басыңыз).
  • Сорғыш шлангіні (21) жауып қойыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын өшіру мүмкін емес.

  • Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын қосу мүмкін емес.

  • Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.