Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (28) электр құралын шаңсоруға қосу алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (28) (керек-жарақ) ұстағышпен бірге бүйірінен жанасудан қорғанысқа (17) орнатыңыз. Жанасу қорғанысының басқа жағындағы қаптаманы ұстағыш жанасудан қорғанысқа тірелетіндей етіп нық басыңыз.
Қаптаманы (28) шаңсорғышсыз жұмыс істеу үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы бір жағынан ұстап алып, жанасудан қорғаныстан (17) алға қарай тартып шығарыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–H суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды енгізу немесе шығару алдында аккумуляторды (10) шығарып алыңыз.
Аспирациялық келте құбырды (29) тіреу тақтасының (13) ойығына орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангын (30) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (29) қосыңыз. Сорғыш шлангын (30) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аспирациялық келте құбырды (29) қайтадан шығарып алу үшін құлыптан босату түймесін (12) басып, аспирациялық келте құбырды тірек тақтасынан (13) тартып алыңыз.