Пайдалану түрлері
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (22) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.
0 деңгейі | Тербеліс жоқ |
I деңгей | Кіші тербеліс |
II деңгей | Орташа тербеліс |
III деңгей (MAX) | Үлкен тербеліс |
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:
- Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
- Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз.
- Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз.
- Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу: ағаш, пластик және т.с.с. бойынша үлкен шаң көлемін тудыратын жұмыстар үшін қосқышты (23) I позициясына итеріңіз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру: металл бойынша және өшірулі шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін қосқышты (23) 0 позициясына итеріңіз.