Ара полотносын салу/алмастыру
- Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
- Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін емес.
Қажет болса, қаптаманы (28) алып тастаңыз.
SDS иінтірегін (19) алға қарай тірелгенше тартып, сол күйде ұстап тұрыңыз. Ара төсемін (16) кесік бағытындағы тістерімен ара төсемінің бекіткішіне (18) тірелгенше жылжытыңыз.
Ара төсемін енгізген кезде ара төсемінің ара төсемі бағыттауышының (15) қысқыштары арасында өткеніне көз жеткізіңіз.
- Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Кесу нәтижесі жақсы болуы үшін, ара төсемі бағыттауышының (15) қысқыштарын, ара төсемін қыспай, ара төсеміне (16) барынша жақын орналастырыңыз. Арақашықтықты ара төсемінің қалыңдығына бейімдеу үшін ара төсемі бағыттауышының бір қысқышын реттеңіз.
Алты қырлы дөңбек кілтті (26) тірек тақтасындағы реттегіш саңылауға (24) салыңыз. Алты қырлы дөңбек кілтті реттегіш саңылаудың жанындағы таңбаламаға сәйкес бұраңыз (сағат тілінің бағытымен: арақашықтықты азайту; сағат тілінің бағытына қарсы: арақашықтықты арттыру). Ара төсемінің еркін қозғалу мүмкіндігі сақталғанына көз жеткізіңіз.