Батареяны енгізу/алмастыру
GLM 100-25 C
Өлшеу құралын пайдалану үшін сілті-марганец батареяларын немесе никель-металл гидрид аккумуляторларын (әсіресе төмен жұмыс температураларында) пайдалануға кеңес беріледі.
1,2 В аккумуляторлармен қуаттылыққа байланысты 1,5 В батареялармен салыстырғанда көбірек өлшеу әрекеттерін орындауға болады.
- Босату түймесін (7) басып, бекіткіш сұққышты (8) 180°-қа жайыңыз.
- Батарея бөлімінің қақпағын (17) ашу үшін айналмалы құлыпты (25) жоғары қайырып, оны сағат тілінің бағытына қарсы төрттен бір айналымға бұраңыз.
- Батарея бөлімінің қақпағын (17) айналмалы құлпынан (25) жоғары тартыңыз.
- Батареяларды немесе аккумуляторларды енгізіңіз.
- Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бірдей өңдіруші ұсынған және бірдей қуатты батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
- Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Заряды бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болғанда, бұл әлі де аз ғана өлшеу әрекеттерін орындауға болатынын білдіреді.
Егер батарея белгісі бос болып, қызыл түспен жыпылықтаса, бұл өлшеу әрекеттерін ары қарай орындау мүмкін болмайтынын білдіреді. Батареяларды немесе аккумуляторларды алмастырыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.