Негізгі жазықтықты таңдау
Өлшеу үшін әртүрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады:
өлшеу құралының артқы жиегін (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)
180° шамасына ашылған штифтілі тіректің (8) ұшы (мысалы, бұрыштардан өлшегенде)
өлшеу құралының алдыңғы жиегін (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)
штатив ирек оймасының (19) ортасын (мысалы, штативпен өлшегенде)
- Негізгі реттеулер мәзірін ашу үшін сенсорлық пернесін басыңыз.
- опциясын таңдаңыз.
- Негізгі жазықтықты немесе түймесі арқылы таңдаңыз.
- Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз.
Бекіткіш сұққышты (8) 180°-қа жаю және жинау автоматты түрде анықталып, тиісті негізгі жазықтық ұсынылады. Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз.
Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі негізгі жазықтық ретінде алдын ала реттеледі.