Өз қауіпсіздігіңіз үшін
- Ескерту! Күту немесе тазалау жұмыстарын өткізу алдынан электр бұйымды өшіріп, электр ашасын розеткадан шығарып алыңыз. Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып, кесіліп немесе оралып қалғанында да жоғарыдағыдай әрекеттеніңіз.
- Абай болыңыз! Айналып тұратын ара шынжырын түртпеңіз.
- Электр құралын адамдардың, балалардың немесе жануарлардың жанында, сондай-ақ ішімдікті, есірткіні немесе есірткілік заттарды тұтынғаннан кейін ешбір жағдайда пайдаланбаңыз.