Бұрғылау патронын алмастыру

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару

SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (тісті тоғыны бар немесе жылдам қысқыш бұрғылау патроны).

  • SDS plus бекіткіш білігін (20) тісті тоғыны бар бұрғылау патронына (19) бұрап орнатыңыз. Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) бекіткіш бұрандамен (18) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.

  • Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін тартып тексеріңіз.

  • Бекіткіш төлкені (4) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) шығарып алыңыз.