Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
- Электр құралын фиксаторлар жинақтарынан алып тастаңыз.
Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін жұмыс үстелінің негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Фиксаторлар жинағының қысқыштарын реттеу (H суретін қараңыз)
Фиксаторлар жинағын (6) бекіткіш тетіктің (8) көмегімен жұмыс үстеліне бекітіп тұратын қысқыштарды жұмыс үстелін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін қажетінше реттеу керек.
- Фиксаторлар жинағын (6) айналдырыңыз.
- Фиксаторлар жинағын бекіткіш тетіктің (8) мықтап қатайтылғанына қарамастан жұмыс үстелінде бұғаттау мүмкін болмаса, реттегіш бұранданы (21) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Фиксаторлар жинағы жұмыс үстелінің екі бағыттауышына (алдыңғы мен артқы) бір уақытта тура орнатылмаса, реттегіш бұранданы (21) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. - Фиксаторлар жинақтарының берік әрі дұрыс орнатылғанын тексеріп, қажет болса, реттеуді түзетіңіз.
- Жұмыс қадамдарын екінші фиксаторлар жинағымен қайталаңыз.