Дайындама таянышын дайындау
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.
Жұмыс үстелін ұзарту (F1–F2 суреттерін қараңыз)
Жұмыс үстелін екі жағынан да ұзартуға болады.
- Ұзын дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
- Бекіткіш тетікті (3) босатып, үстел ұзартқышын (2) қажетті аралыққа дейін сыртқа тартыңыз.
- Бекіткіш тетікті (3) қайтадан қатайтыңыз.
- Бекіткіш тетікті (7) босатып, дайындама тіреуішінің (1) биіктігін, дайындамаңыз тігінен жататындай реттеп шығыңыз.
- Бекіткіш тетікті (7) қайтадан қатайтыңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (G суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (5) пайдалануға болады.
- Бекіткіш тетікті (4) босатып, ұзындық шектегішін (5) электр құралының ара төсемінен қажетті аралықта орналастырыңыз.
- Бекіткіш тетікті (4) қайтадан қатайтыңыз.