Жұмыс үстелдеріне арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Құрылғыда реттеу жұмыстарын орындаудан немесе керек-жарақтарды алмастырудан бұрын ашаны розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады.
- Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін ақаусыз жинақтау маңызды болып табылады.
- Электр құралын пайдаланудан бұрын жұмыс үстеліне берік бекітіңіз. Электр құралының жұмыс үстелінде сырғып кетуі бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін.
- Жұмыс үстелін тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз. Егер жұмыс үстелі сырғитын немесе тербелетін болса, дайындаманы бір қалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды.
- Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдалабаңыз. Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсіру немесе үстінде тұру жұмыс үстелінің салмақ орталығы артып, аударылуына алып келуі мүмкін.
- Тасымалдау және жұмыс істеу кезінде барлық бұрандалар мен қосылым элементтері мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз. Электр құралына арналған фиксаторлар жинақтары әрдайым бұғатталып тұруы тиіс. Босаған қосылымдар тұрақсыздықты және дәл емес аралау әрекеттерін тудыруы мүмкін.
- Электр құралын тек тасымалдау күйінде болған кезде монтаждаңыз және бөлшектеңіз (тасымалдау күйі бойынша нұсқауларды тиісті электр құралының пайдалану бойынша нұсқаулығынан қараңыз). Кері жағдайда электр құралын жарамсыз ауырлық орталығына байланысты берік ұстау мүмкін болмайды.
- Фиксаторлар жинағына бекітілген электр құралын тек жұмыс үстелінде пайдаланыңыз. Жұмыс үстелінсіз фиксаторлар жинағы электр құралымен бірге берік тұрмай, төңкерілуі мүмкін.
- Ұзын және ауыр дайындамалардың жұмыс үстелін тең салмақтылықтан шығармағанына көз жеткізіңіз. Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
- Жұмыс үстелін жинау немесе жаю кезінде саусағыңызды топсалардың жанына әкелмеңіз. Саусақ жаншылуы мүмкін.