Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Лазер сәулесі
Сәулеге тікелей қарамаңыз
2-класты тұтынушы лазер өнімі
EN 50689:2021

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.

Ара төсемінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Жалғастырғыш тетіктерді немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз.

Ара төсемін алмастыру кезінде кесік ені 2,0 мм-ден кем болмағанына және орта диск қалыңдығы 2,0 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына (2,0 мм) дайындамаға ілінуі мүмкін.

Құрама араны үстелдік дискілі ара ретінде пайдаланған кезде, максималды дайындама биіктігі 51 мм құрайды.

Маятниктік қорғаныш қаптаманы қайыруға және бұғаттауға арналған қамыттағы (11) белгі
және
манипуляторды құлыптан босатуға арналған түймедегі (17) белгі

Құрама араны қапталдап/бұрышпен кесуге арналған ара ретінде пайдалануға арналған белгі

Құрама араны үстелдік дискілі ара ретінде пайдалануға арналған белгі