Аралау
Қапталдап кесу
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- (17) түймесін басып, манипуляторды тұтқасынан (18) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, ара төсемі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.