Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)
- Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (6).
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу үшін қосалқы тұтқаны (6) 12 күйге реттеуге болады.
Қосалқы тұтқаның (6) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында бұрап, қосалқы тұтқаны (6) қажетті күйге қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы тұтқаны (6) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋ бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (7) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.
Қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (7) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін (7), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (7) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тереңдік шектегішінің (7) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.