Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Электр құралына Bluetooth® Low Energy Module модулі орнатылған болса, ол радио интерфейспен жабдықталған болады. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
- Bluetooth® радиотехнологиясы пайдаланылмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy Module модулін қолданба арқылы өшіру қажет.
Тереңдік шектегішімен (15) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.
- Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (6) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (14) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (15) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет. - SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
- Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
- Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
- Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру тетігі (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді, жылдам өшіру индикаторы (20) қызыл түспен жанады және жұмыс шамы (13) жыпылықтайды. Жылдам өшіру функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (18) қызыл түспен жыпылықтайды.
- Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (10) жіберіп, қайта басыңыз.
- Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі бар әмбебап ұстағыш қажет болады.
- Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
- Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
- Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
- Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау төлкесін артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.