HM/TC жонғы пышағын алмастыру
- Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз. Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі бар, бұралуы мүмкін. Кескіш жиектердің екеуі де дөкір болса, жонғы пышағын (23) алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға болмайды.
Жонғы пышағын шешу (G–H суреттерін қараңыз)
- Жонғы пышағын ауыстыру немесе алмастыру үшін пышақ бастиегін (16) бұрандама қысқыш (15) жонғы табандығына (11) параллель тұрғанша бұраңыз.
- 3 бекіткіш бұранданы (14) алты қырлы дөңгбек кілтпен (13) шам. 1–2 айналымға босатыңыз. Бұрандама қысқышты (15) шешуге болмайды.
- Пышақ бастиегін аздап бұрап, ағаш таяқшамен жонғы пышағын (23) пышақ бастиегінен (16) шетке шығарыңыз.
- Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы пышағын шешіңіз.
Жонғы пышағын орнату (I–J суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, пышақ бастиегіндегі (16) пышақ орнын және жонғы пышағын (23) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның пышақ бастиегінің (16) қысқышында кедергісіз тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (11) орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13) тартыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген тарту реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ бастиегін (16) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.