Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.
- Лазерді реттеу кезінде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Тексеру: (K1 суретін қараңыз)
- Дайындамада тікелей кесік сызығын сызыңыз.
- Бекіткіш иінтіректі (1) басып, манипуляторды тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
- Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
- Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы қысып қойыңыз.
- Лазер сәулесін қосқышпен (19) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүтін ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.
Реттеу: (K2 суретін қараңыз)
- Реттегіш бұранданы (35) жинақтағы крест ойықты бұрауышпен (12) лазер сәулесі бүтін ұзындығы бойынша кесік сызығына параллель болғанша бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Бұрыш индикаторын туралау (L суретін қараңыз)
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13) босатыңыз.
- Бұрыштық тіректі (6) тірелгенше 0° күйіне бұраңыз.
Тексеру
- Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны бұрыштық тірек (6) пен ара дискісінің (31) арасына, аралау үстеліне (25) орнатыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығы бойынша бұрыштық тіректе жатуы тиіс.
Реттеу
- Бұрыштық тіректі (6) бұрыштық калибрдің иіні бүтін ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
- Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.
- Бұранданы (36) жинақтағы крест ойықты бұрауышпен (12) босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан тартыңыз.